Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің facebook парақшасында Шымкент қаласындағы тағы былықтың бетін ашып тағы бір пост жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгердің айтуынша, бұл өңірдің шенділері Шымкент қаласының Бас дәрігерінің тыйымына қарамастан миллиондаған қаржы жұмсап наурыз мерекесін атап өткен. Жұмсалған қаржы да аз емес - 565 млн теңге.
«Наурыз мерекесін атап өттік. Енді бюджетімізге оралайық
Шымкентте Наурызға 565 млн теңге жаратылған.
Барлығы 6 сатып алу өткен. Тапсырыс беруші - "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК.
Басшысы - Сәкен Майғазиев.
Бұл қандай шаралар және бағасы қанша?
Шымкент қаласының мәдени нысандарын әлеуметтік желілерде тарату – 22,9 млн тг;
«Наурыз айтыс» - 40 млн тг;
"Open Art gallery" - Айқап журналының құрылғанына 110 жыл" – 50 млн тг;
"Дәстүрлі ән мен жырлар" - Дина Нұрпейсова" – 50 млн тг;
"Bala дауысы, Super Live, Жұлдызай" іс-шарасы – 80 млн тг;
"Шымкент қайырымды қала" - ұлыстың ұлы күні" – 322,2 млн тг.
Барлық сатып алу Тікелей бір көзден алу тәсілімен өткен», - деп атап өткен ол өзінің өзінің facebook парақшасында.
Заңгер бұл деректердің Zertteukz және openbudgetkz жобасының парақшасынан алынғанын атап өткен.
«Бір көзден алудың өзі сыбайластық! Әлем желіге жарияланған ештеңе көрмедім, сіздер көрдіңіздер ме, ағайын? Оған 22,9 миллион теңге бөліпті. Яғни интернетте жариялаудың өзі миллиондаған ақша тұрады екен.
Шыңғыс Мұқан, есеп беріңдер тойлап болған шығарсыңдар!
Шымкенттің жемқорлыққа қарсы агенттігі осы жолы үндемей қалса, бұндағы агенттікті жаба салу керек!», - деп атап өткен заңгер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты белгілей кеткен.