$ 494.87  520.65  4.91

Сәкен Майғазиев өзін сынағандарды тозақпен қорқытып жатыр

Аллаһ тағала оны тозаққа тастайды!
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараларға жергілікті бюджет есебінен жұмсалған 595 млн теңгенің дауы әлі де басылмай жатыр. Зерттеуші мамандар мен тәуелсіз журналистер, қоғам белсенділері Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған деректерді алға тартып, үлкен көлемдегі қаржының желге ұшқанын дәлелдеп беріп отырса да, Шыңғыс Мұқан бастаған өңір шенеуніктері өз тірліктерін жоққа шығарумен келеді. Бірі блогер жалдап, ақталып әлек болып жатса, тағы бірі өзін сынағандарды уағыз айтып бастарын айналдыруға көшіп жатыр. Нақты айтар болсақ, Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы, әнші Сәкен Майғазиев өзіне шүйліккендерді тозақ отымен қорқытқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Фейсбук қолданушысы Әмина Смағұлова өзінің парақшасында жазған.

«Мына Тазабектің жандайшабы зайырлы мемлекеттің қызметкері ме? Әлде күмәнді діннің уағызшысы ма? «ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі Заңын» өрескел бұзып, енді есеп берудің орнына уағыз айтып, елді қорқытып отыр!», - деп атап өткен ол өзінің facebook парақшасында. 

Майғазиев мырзаның бұл жазбасына расы керек, желі қолданушылары да қатты таң қалыс білдірген. Қали Күлімжан есімді қолданушы «Дәстүрлі дінге ешкім де қарсы емес! Алламыз аузымызда, отбасымызда шариғат ұстанымдарын қолданамыз..бірақ қараңғы түнекке насихатқа қарсымыз! Дінге қарсы деп жазғыруды қою керек. Қит етсе қарғанып- сіленіп шыға келуге сын айту дінге қарсылық па?! Кәпірлік пе?!Құранда жазып қойып па қарғану Алланың ісі деп?!» деп пікір қалдырған. 

Айтпақшы, Сәкенді мемлекеттік қызмет емес, мешітке имам қылып жіберу керек екен дегендер де болған.

Сол секілді қоғам белсендісі Абзал Достияров та құдайды ара ағайындыққа салып, тозақпен қорқытудың дұрыс еместігін айтқан. 

«Құдайды ара ағайындыққа пайдаланбаңдар!
Біздегі ақыны бар,әншісі бар,шенеунігі бар сәл қылт етсе араға Алланы салып ақталатыны бар, қорқақтығында,жемқорлығында солай жуып-шайып тастағысы келетіндер көп-ақ.
Карантин кезінде тойға барып масқара болған Қайрат Нұртас та жарты миллиард теңгенің есебін бере алмай қиналған Сәкен Майғазиев те солай жандалабасалап жатыр.
Жігіттер, қолмен істегенді мойынмен көтеру керек!
Алламен арадағы қарым-қатынас әр адамның жеке ісі.
Тозақпен қорқытпаңдар!», - деп атап өткен пікір иесі. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары