$ 444.22  476.38  4.82

«Коронавирус, кет, кет кет» әнінің авторы Марат Омаров тойда ұсталды (ВИДЕО)

Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған.

"Коронавирус, кет, кет кет" деп ән салған Марат Омаров Шымкентте той ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желілерде жарияланған үйлену тойының видеосы шынымен Шымкент қаласының "Караван" кафесінде түсірілген болып шықты. Мерекелік іс-шараларға тыйым салынғанына қарамастан, әнші Марат Омаров пен кафе "Қыз ұзату" ұйымдастырған.

"Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тәртіп бұзушыларға қатысты әкімшілік жаза қолдану үшін әкімдік пен полиция департаментіне хат жолдады.

Осы жағдай бойынша қабылданған шаралар туралы қосымша хабарлаймыз", - деп уәде берді департамент өкілдер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары