22.04.2021, 19:38

Танымал ән тобы есірткі сатумен айналысқан

фото: inform.kz
Ұсталғандардың арасында танымал қазақстандық «Madmen» шығармашылық тобының мүшелері де бар екені анықталды.

Алматыда танымал Q-рор тобының мүшелері есірткі заттарын өндіріп, сатты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Полицейлер 21-30 жас аралығындағы 10 адамды ұстады. Топты басқарған – 1994 жылы туған азамат Х. «Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің көзіне азамат Х. 2020 жылдың қыркүйек айында ілікті. Қолда бар жедел мәліметтерге сәйкес, топтағы адам бірнеше айдан бері Алматыда синтетикалық есірткіні өндірумен және сатумен айналысқан.

Азамат Х.-ның және оның «көмекшілерінің» қылмыстық әрекеті ресми түрде құжатталған. Оның әр көмекшісінің рөлі нақты белгіленген. Мысалы, логистикалық компания арқылы Ресей Федерациясынан синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған компоненттерді жеткізуге үш адам жауап берген, олардың бірі – қыз бала. Екі жас жігіт – кассирлер, өтінімдер қабылдауға жауапты болды. Тағы төрт ер адам – есірткіні белгіленген жерге жасырушылар, олар әдетте Наурызбай, Бостандық және Алатау аудандарында жұмыс істеген», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Ұсталғандардың арасында танымал қазақстандық «Madmen» шығармашылық тобының мүшелері де бар екені анықталды. «Синтетикалық есірткіні дайындап, сатты деген күдікпен ұсталған 10 адамның 2-еуі аталған шығармашылық топқа қатысы бар», - деді полициядан. Есірткі зертханасына қажетті атрибутиканың көп бөлігі Алматы маңында жалға алынған тағы бір үйден табылған.

«Атап айтқанда, ұнтақ және кесек түріндегі заттар, электронды таразы, қабаты бар зертханалық шыны колбалар, ұнтақ пен кесек түріндегі қабаттар болған өнімдерді және қасықтарды кептіруге арналған әр түрлі шыны ыдыстар, екі магниттік араластырғыш, бір мың түрлі-түсті полиэтилен пакеті, зертханалық жағдайда қолданылатын противогаздардың екі жиынтығы қылмыстық іске тіркелді.

Ұсталғандардың айтуы бойынша, тәркіленген заттар – «мефедрон» есірткі заты болып табылады. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп қорытындылады Берік Әбілбеков.