Мәдениет & Шоубиз 26.04.2021 сағат 17:00

Ninety one тобының экс-рэпері AZ сахнада Ерке Есмаханға сезімін білдірді (ВИДЕО)

Бұған дейін еш жерде ашық түрде сезімдерін білдірмеген жұлдыздар бұл жолы жаңалық жасады.
Ninety one тобының экс-рэпері AZ сахнада Ерке Есмаханға сезімін білдірді (ВИДЕО)
Фото: коллаж SN.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Ninety One" тобының экс-әншісі Азамат Зенкаев "Маска" шоуына қатысып, қазылар алқасында отырған Ерке Есмаханға елдің көзінше сезімін білдірді. "Қайда" хитін орындайтын ару сүйіктісін танымай қалып, одан мұндай тосын сый күтпегенін айтты деп жазады nur.kz.

Қалың көпшілікке A.Z лақап атымен танылған әнші "Маска" шоуына арнайы өз ғашығы үшін барған болып шықты. Оны өнер иесінің өзі сахнада тұрып мойындады.

"Ninety One" тобының бұрынғы мүшесі еш жасқанбастан Ерке Есмаханға сезімін білдіріп, оны "қабырғам" деп атады.

"Егер сен қасыңда жүрген мені танымай қалсаң, қалған қатысушыларды қалай таниын деп тұрсың? Мен осы жобаға келіп қатысқан себебім, қабырғама бір-екі ауыз сөз айтып кетейін деп едім. Бұл ән сұлу қызға арналған жігіттің сыры. Мені танымай қалғаныңа реніш жоқ. Бірақ, сағат 10:30 болып қалыпты, он бірде үйде бол", - деді Зенкаев.

Ерке Есмахан өз кезегінде Азаматтан оны танымай қалғаны үшін кешірім сұрап, оны өнердегі ең талантты әрі сымбатты жігіттердің бірі деп атады. Бір-біріне махаббат көздерімен қараған әншілерге жоба жүргізушісі Жахан Отарғалиев қатты таңғалды.

Бұған дейін еш жерде ашық түрде сезімдерін білдірмеген жұлдыздар бұл жолы жаңалық жасады. "Маска" шоуының бұл бөлімі желіде бірден көп қаралымға ие болып, елдің қызу талқысына қалды. Көпшілік қос әншінің қарым-қатынасына қатысты түрлі пікірлермен бөлісуде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар