$ 494.87  520.65  4.91

«Жаным ауырады»: Жазира Байырбекова Тоқаевқа айрықша ұсыныс жасады

Мен жеке басымның, отбасымның мәселесімен үкіметтен бір нәрсе сұрамадым.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Әнші Жазира Байырбекова Қазақстандағы балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді ұсынды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол елдегі балалар үйіндегі бүлдіршіндердің бәрі бірдей махаббатқа бөлене алмайтынына жаны ауыратынын жеткізді.

"Мені көп толғандыратын мәселе бар. Еліміздегі балалар үйінің бүлдіршіндері аш емес. Оларға материалдық көмек жасайтындар көп. Бірақ балаға қарайтындар қаншама мейірімді болғанымен бәріне бірдей керек кезінде махаббат бөле алмайтыны үшін жаным ауырады", - деп жазды Байырбекова Instagram парақшасында.

Әнші адамға, балаға ең алдымен мейірім мен көңіл бөлу, қара нан мен қара су қажет екенін айтты.
"Мен жеке басымның, отбасымның мәселесімен үкіметтен бір нәрсе сұрамадым. Бірақ мемлекет басшыларынан балалар үйі мен қарттар үйін біріктіруді сұрағым келеді. Қарттар үйі мен балалар үйін біріктірсе біраз жүрек мейірімге толар еді", - деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары