$ 494.87  520.65  4.91

Сәкен Майғазиев A.Z мен Ерке Есмахан арасындағы сезімге пікір білдірді

Ерке жолдасынан үлкен. Алайда "махаббат жасқа қарамайды" деген ұстанымда.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесті, деп жазады Paryz.kz. 

Бірақ жұлдызды жұп қуанышты жаңалықпен ашық түрде бөліспеді. Екеуінің жас айырмашылыққа қарамай отау құрғанына Сәкен Майғазиев «Опмай-опмай» бағдарламасында пікір білдірді.

Ерке жолдасынан үлкен. Алайда "махаббат жасқа қарамайды" деген ұстанымда. Өнердегі әріптестері де бұл пікірге қосылды.

«Ғашықтар бар әңгімесі таусылған, ал махаббат таусылмайтын әңгіме» деген еді ғой Мұхтар Шаханов ағамыз. Сол секілді егер адам ұғынысып тұрса, бір-бірін жақсы көрсе, сезімі болса, ол жасқа қарамайды. Әйел үлкен болса, да ер азаматы үлкен болса да, ол сезімге, сыйластыққа байланысты. Адам кеш үйлене ме, ерте тұрмыс құра ма, әуелі Алланың қалауы болады. Тағдырға не жазылса, солай болады», –  деді Сәкен Майғазиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары