Мәдениет & Шоубиз 15.05.2021 сағат 22:24

«Жауыздыққа қарсы шыққан Ердоған ғана»: Болманов Иерусалимдегі қақтығыс туралы пікір білдірді

"Іш қазандай қайнайды..." - дейді әнші-продюсер.
«Жауыздыққа қарсы шыққан Ердоған ғана»: Болманов Иерусалимдегі қақтығыс туралы пікір білдірді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазір Түркия елінде тұрып жатқан Қыдырәлі Болманов Иерусалимдегі қақтығыс туралы пікір білдіріп, ол мұсылмандарды тек Түркия елі қорғап жатыр-ау деген ойын жеткізді.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде  жазды.

"Айтқымыз келетін дүние көп... Іш қазандай қайнайды... Қасиетті оразада Барлық мұсылмандарға Израиль істеп отырған қысастық пен қастандыққа жүрегі ауырмайтын пенде жоқ шығар ! Мұсылман Мемлекеттерінің, Түркі тілдестердің ішінен тағы да нақты сөйлеп, бас көтеріп, мұсылмандарды қолдап, жауыздыққа қарсы шыққан жалғыз Ел - Түркия Мемлекеті, Эрдоган патша ғана сияқты көрінеді өкінішке орай...Дұғада болайық ағайын ! Мұсылмандарға Алла қорған болсын!" деген жазба қалдырды.

Продюсердің бұл ойын оқыған оқырмандардың басым бөлігі Түркия елінің президенті туралы жағымды ойларын жазып, оған ұзақ ғұмыр тілеген. Бірақ Болманов айтқан қақтығысы туралы ешбір оқырман пікір жазбапты. "Түркі елінің басшысы Эрдоған мырзаға Аллаһ разы болсын! Өте керемет адам ғой қатты жақсы көремін!", "Осы кісі аман болсын, президент болып қала берсін" деген сияқты пікірлерін жарыса жазғандардың ішінде кейбірі ғана бәрі патшаға ғана байланысты емес екенін айтқан.

Ernur.kz.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар