$ 494.87  520.65  4.91

«Мен өзіме қарамай кеттім»: Динара Қырықбаева күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Қазақстандық әнші, блогер және кәсіпкер Динара Қырықбаева ажырасуы туралы ашық айтты. Ол отбасын құрып, балаларды дүниеге әкелгеннен кейін ол өзіне қарауды мүлдем ұмытып кеткенін атап өтті.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Бұл туралы Динара өзінің  Instagram парақшасында баяндады.

"Некеге тұрған кезде, сіз шынымен де болашақта, жалпы алғанда, некеде сізді не күтіп тұрғанын білмейсіз. Көптеген сәтте сіз өзіңізді ұмытып кетесіз. Осындай жағдай менімен де болды. Үйленгеніме бес жыл болды. Балалар дүниеге келді. Жанжал да болды, бәрі болды. Бұл барлық отбасында болатын жағдай. Осы бес жыл мен өзіммен жұмыс істемедім. Мен өзімді бар екенімді ұмытып кеттім. Мен өзімді ұмытып кеттім, мен өзіме ешнәрсе берген жоқпын, менде өзімнен басқасының бәрі болды. Мен ана болу өмірдегі ең маңызды нәрсе деп ойладым, бұл менің міндетім деп санадым", - деп еске алды әнші.

Әншінің айтуынша, ол мінсіз барлық нәрсені білетін ана болғысы келді. Динара сонымен бірге ажырасу үшін отбасын құрмағанын атап өтті.

"Мен әкесі мен анасы бар толыққанды бақытты өмірді қалаймын. Ажырасқаннан кейін, әрине, ойым сан-саққа кетті. Бәрін реттеу қолымнан келмеді", - деді ол.

Отбасы бұзылғаннан кейін ол психологтен кеңес алған.

"Жаяу жүре бастадым. Таңғы 7.00-де оянып, серуендеп келемін. Қазір өзімді қатты жақсы көре бастадым. Массажға ешқашан бармаушы едім. Оған да тұрақты барып жүрмін. Мұндай ләззатты бұрын қалай өткізіп алғанмын? Енді өзімді бірінші орынға қоятын болдым", - дейді Динара.

Ол сондай-ақ, өзге келіншектере үнемі өздеріне уақыт бөлуге шақырды. Адам өзін жақсы көргенде және сенімді болғанда ажырасу болмайтынын  атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары