$ 494.87  520.65  4.91

Көрермен көзайымына айналған «Сержан Братан» жалғасын таба ма?

Serzhan Bratan – осыдан екі ай бұрын YouTube платформасы арқылы көрерменге жол тартқан хикая.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

49 млн қаралым жинаған 12 бөлімнен тұратын «Сержан Братан» көпшіліктің көзайымына айналды. Оның көрермендері «телехикаяның жалғасы бола ма?» деген сауалды жиі қояды.

Serzhan Bratan (Сержан Братан) – осыдан екі ай бұрын YouTube платформасы арқылы көрерменге жол тартқан. Хикая бүгінде 1 млн-ға жуық өзінің тұрақты аудиториясын жинаған. Хикаяның жаңа бөлімдері әр бейсенбі сайын көрермен назарына ұсынылады. Әр бөлімнің хронометражы жарты сағат. Жанры – криминал, комедия.

Сипаттамасы: 90-шы жылдар. Басты кейіпкер – Сержан, жергілікті рэкет, сүйікті жар және қамқор әке. Ол барлық рэкеттер сияқты, көп нәрсеге қол жеткізіп, қиын кезде барынша тірі қалуға тырысады. Бірде жергілікті авторитет Сержанға жекешелендіруді қолға алуға ұсыныс тастайды. Ол өз достарымен жақсы жаңалықты жумақшы болады.

Кенеттен 23 жыл жансақтау бөлімінде жатқан атақты алматылық рэкет ұзақ ұйқысынан оянады. Далада 2021 жыл, балалары есейген, өзі біршама қартайған, ал әлем адам танымастай өзгерген. Сержанға заманға икемделіп, отбасымен қарым-қатынас орнату керек.

Жақында телехикаяның соңғы бөлімі шыққан. Бірақ бүгінде көрермендер «оқиға жалғасын таба ма?» деген сұрақты жиі қойып жүр.

Salem Social Media директоры Рустам Юсупов Tengrinews- ке берген сұхбатында осы сауалға жауап берді:

– Мен үшін көрермен ретінде оқиға аяқталды. Бұл финал. Жалғасы түсірілсе бәлкім, ол қиынға соғуы мүмкін. Біз де, Әлішер де ( Әлішер Утев – сериал режиссері, продюссері) сюжетті қайталағымыз келмейді, бірінші маусымға сыймайтын оқиға жасағымыз келмейді.  90-шы жылдардағы Сержанды көрсету идеясы бар. Бірақ біз бұл ойды, енді талқылап жатырмыз.

Айта кетсек, телехикаяның бір бөліміне 2,5 млн қаржы тартылған.

Orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары