$ 444.22  476.38  4.82

«Өте дұрыс! Келін күң емес»: Меруерт Түсіпбаева Айжұлдызды қолдады

Желі қолданушыларының бірі оны қолдаса, енді бірі өз жағдайын айтты.
фото: Stan.kz
фото: Stan.kz

Меруер Түсіпбаева Айжұлдыз Адайбекованың оқиғасын айта келе ене мен ене тақырыбында өз ойын айтты деп жазады Stan.kz. 

Келін құл емес деген әншінің жазбасы көптің талқылауына түсті.

Осы өзекті тақырып аясында әңгіме көп.... Біз, қазақтар: “ Ұят болады“, деп жылы жабамыз. Айжұлдыз ажырасуының себебін ашық айтты!! Келісемін!!! Келін - үй қызметісі емес!!! Сол келін, бұрын сол үйде болмағанда, әлі келін болып түспей жатқанда, еден жуылып, шаң сүртілді емес пе?! Аш отырған ба, сонда, сол үйдің адамдары, келіннің түсуін күтіп? Мен, өз басым, біреудің алақанға салып өсірген қызын, өзге босағаны аттай сала, жұмсай жөнелгенді құптамаймын! Казіргі жастардың денсаулығы да жарамайды оған.

Атам заманда, “Сарыағашқа” келін болып түскенімде, беташар біте сала қайын апам шаңсорғышты меңзеп “Тазала!!” дегені әлі есімде... Адаптация қайда сонда?! Бөтен ортаға түсіп, онсыз да мазасыз күй кешіп тұрған нәзік жандыға - бәрі стресс!!! Мен, талай рет сұхбат бергенде айттым: “ Мен, бір күн, келініммен тұрмаймын деп”.

Ол, болашақ келінімді немесе баламды жақтыртпағанымнан емес!!! (Бір тал балам- көзімнің ағы мен қарасы.... ) Жаңа ғана отбасын құрған, екі жас, өздерімен өздері болып, бір-бірімен тіл табысу керек, басында... Жоқ!! Бізде келінді қүң қылып, екі жастың ортасына килігіп, (әсіресе аналары) жаңа өмірге, жаңа үйренісіп жатқан жастардың есін шығарады!! Ол - ҚАТЕ!! Соның кесірінен , Қазақстанда ажырасу көп!", - деді әнші.

Желі қолданушыларының бірі оны қолдаса, енді бірі өз жағдайын айтты.

"Өте дұрыс. Негізі өзі ене сыйлап, күйеуін адам деп сыйламағандар ұл асырап, келін түсіргенде құтырады екен. Соны білдім ақымақтар келінді құлдай көреді".

"Бәрінен де менің енем алтын ғой! Жұмсамайды, өзі жасап жүреді, оған еріп өзің де үйреніп кетесің! Ұялғаннан енем істеп қоймасын деп, өзің жүгіресің ғой. Ей балам өзіңді күт, денсаулығыңа қара! Жігітіңе қара деп отырады. Алтын адам ғой. Соның арқасында үш келін бір туғандай боп кеткенбіз. Ешқайсысымызды бөліп жармайды! Қонақ шақырғанда тірлік туралы сөз болмайды. Барлығымыз ананы істе , мынаны істе демей- ақ, күліп ойнап бар тірлікті жайлай береміз! Барлығы енемнің көрегегдігінің арқасында!".

"Мен жүз пайыз келісе алмайды екенмін. Бәрі қолдап жатыр екен. Ол әркімнің өз ойы. Келісемін. Бірақ сол тірліктен өлген жоқпыз ғой. Құл қылып жұмсамасада өз орнымызды өз міндетімізді білдік. Өмір бойы сол үйде жабысып қалған ешкім жоқ, қалмайды да. Адамның орнын адам басады. Шыдау керек. Ененіңде дәурені өтеді,өзімізле ене боламыз".

"Тірлікте тұрған ештеме жоқ. Қолына жұғып қалмайды. Жастардың құлағын көтеріп, астыларына көпшік қоюдың қажеті жоқ. Өз ойым. Қазірден айтамын ұлыма екінші ұл үйленемін демейінше бөлек шығу ойыңа келмесін деп. Тәрбиелеу керек бөтен отбасына келеді үйрену керек олда бала ғой".

"Өте дұрыс көтердіңіз бұл мәселені! Қаншама жас келіндер әлі күнге дейін үлкендер әлімжеттігі мен озбырлығын көруде", деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары