02.06.2021, 16:40

«Қазақ қызына тән емес»: Төсін ашып суретке түскен Сәдуақасова елден оңбай сөз естіді

Фото: Instagram/sadvakasovamadina
Олардың пікірінше, әншінің бұл кейпі аса ерсілеу болып табылады.

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желідегілердің қатаң сынына ұшырады. Оған өнер иесінің кезекті фотосессия себеп болған. Көпшіліктің пікірінше, суреттегі образ 41 жастағы отбасылы әншіге мүлдем сай келмейді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Cәдуақасова Instagram парақшасында жанкүйерлерінің назарына жаңа фотосессиясын ұсынды. Алайда, эстрада жұлдызының бұл жұмысы көпшілік көңілінен шыға қоймағанға ұқсайды. Желі қолданушылары өнер иесінің образын тым ашық екенін алға тартып, мұндай киім үлгісі отбасылы әйелге келіспейтінін жазды.

Олардың пікірінше, әншінің бұл кейпі аса ерсілеу болып табылады. «Не деген еліктіргіш әйелсіз! Жолдасыңыз қызғанбай ма?», «Адамдарға «Бұл жай ғана образ» деп ақталасыз, Аллаға не деп ақталасыз?», «Қазақ қыздарына тән емес», «Мынау фотолар тым ерсі көрінеді екен. Не дегенмен отбасылы әйелсіз ғой. Ата-енеңіз не ойлайды?», «Күйеуіңіздің сабырлығына таңғаламын. Қалай шыдап жүр ашық образдарыңызға», «Бұл кісіге қашан ақыл-есі кіреді екен?», «Тәубеге келейік, ұят жағдай!», - деп жазуда желідегілер.