17.06.2021, 12:40

Бөксесін көрсетіп суретке түскен Say Mo елден оңбай сөз естіді (ФОТО)

Оқырмандарға рэп орындаушы қыздың ашық образы ұнамай қалған.

Say Mo лақап атымен қалың көпшілікке танылған атышулы әнші Мөлдір Есембек желіде жаңа фото жариялап, елдің қатаң сынына ұшырады. Оқырмандарға рэп орындаушы қыздың ашық образы ұнамай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Есембек Instagram парақшасында жаңа суретін бөлісіп, бөксесінің үлкен болғанын қалайтынын ашық айтты. 

Сонымен қатар, әнші ару бөксесін арнайы видеоға түсіріп, оны ел назарына ұсынды. 

Желі қолданушылары жас өнерпаздың бұл қылығына шүйлігіп, оған деген өз наразылығын жеткізді. "Ұят жоқ", "Қазақ қыздарына сай емес", "Сөзім жоқ. Бұл қызға қанша айтсаңда түсінбейтін сияқты", "Ағалары мен бауырлары қайда қарап отыр", "Қандай тәрбие беріп отырсың", "Жас қыздарға қалай үлгі болып жүрсің", "Сөзім қалмады айтатын. Оданда миыіды үлкейтсей", "Бөксе емес, саған ми керек", - деп жазуда желідегілер.