Индонезиялық музыкант Наталино Мелла қазақтың әйгілі «Дайдидау» әнін көне аспапқа салып орындады, деп хабарлайды dimashnews.com.
2017 жылы Dimash Indonesia Dears фан-клубы барлық индонезиялық жанкүйердің ризашылығын білдіру үшін Димашқа сасандо аспабын сыйға беруді шешкен. Солай, индонезиялық фан-клуб сасандода кәсіби және шебер ойынайтын Наталино Мелламен байланыс орнатқан.
Н.Мелламен жасаған музыкалық құрал 2021 жылғы 26 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Индонезия Елшілігінде Димашқа сыйға тарту етілді. Мәлім болғандай, сасандоны Қазақстанға жіберу үшін индонезиялық фан-клуб 4 жыл бойы бірнеше рет әрекет еткен. Ақыры сыйлық Индонезия Елшілігіне Димаштың келуіне бір күн қалғанда жеткізілген.