$ 494.87  520.65  4.91

«Көршіме ренжіп едім, қатты ауырып қалыпты»: Нұрлан Абдуллин бойында ерекше қасиеті барын айтты

"Мен адамдарға жамандық тілемеймін. Бірақ солай болып тұрады. Ренжімеуге тырысам”, – деді әнші.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Нұрлан Абдуллин өзінің ерекше жаратылғанын айтты. Біреуге сәл ренжіп қалса, ол адамның міндетті түрде ауыр жағдайға ұшырайтынын айтады. Әнші өмірде өз басында болған бірнеше оқиғаны мысал етті.

Әнші “көп адамға ренжімеуге тырысамын, егер сәл көңілім қалса, бірден жаман жағдайға тап болады” дейді “Ер батыр” жобасында.

“Бірде әулие кісі маған қарап “ерекше жаратылған адамсың, саған қатты ренжуге болмайды” деген еді. Мен біреуге ренжіп қалсам, ол адам кешірім сұрап келеді. Мен жамандық қаламаймын. Бірақ солай болады. Көршіміздің кафесі бар еді. Анам қайтыс болғанда үйінен орындықтар сұраттым. Сөйтсем өзімізде банкет болады деп бермеді. Сондай қазада қол ұшын бермегені үшін көңілім қалып қалды. Той емес, қаза болып жатқанда көмектесе алмағанына таңғалдым. Ол орындықтарды сатып алсам да болар еді. Ол кісілерде бар болған соң сұрай салғанбыз. Кейіннен ол кісі қатты ауырып қалыпты. Емшіге барса: “Бір адамның көңілі қалған. Сол кісіден кешірім сұра” деген екен. Мен әкеме барған күні маған келіп, ата-анасымен кешірім сұрады. Мен сол кезде айттым. Менің анам қайтыс болғанда мен де ауыр жағдайда едім. Сен оны түсінбедің. Енді сен үшін анаң кешірім сұрап тұр. Кешіремін. Бірақ анаңның қадірін біл дедім. Мен адамдарға жамандық тілемеймін. Бірақ солай болып тұрады. Ренжімеуге тырысам”, – деді әнші. 

Нұрлан мырзаның анасының қазасынан соң бес жылдан кейін әкесі қаза болған.

Нұрлан Абдуллин: Дәрігерлер анама баланы алдыртып таста деген, кейін мен екенін білгенде кешірім сұрады

Әйелім жеті жылдан бері арбада отыр: Нұрлан Абдуллин ауыр тағдырын айтып жылады
“Бұл пандемия, індет, оның бәрі Алладан. Адамдар тойынып кетті. Тәубесіне келу үшін жасалды. Бәрін Алла реттейді. Аштықтан тоқтық жаман деген сол. Адамдар біртінден тәубесіне келеді. Бірден бола салмайды. Бұдан да ауыр жағдайлар болуы мүмкін. Біз бәріне дайын болуымыз керек. Рухани жігеріміз мықты болу керек”, – деді ол. 

Халық әртісі ұлына өз әкесінен алған тәрбиені бергісі келеді. Сонда ұлым да мен секілді әкесін сыйлап өседі дейді ол. 

“Бізде 9 мамыр күні міндетті түрде туыстар жиналамыз. Отбасымызбен аталарымыздың басына барып Құран бағыштаймыз. Әпкеміздің үйінде дастарқандас боламыз. Сол жерде әңгімелесеміз. Кімде қандай жағдай болып жатқанын айтамыз. Олай болмаса, туыстар араласудан қалып барады. Бізде қалыптасқан жағдай. Қандай жағдай болмасын сол күні бәріміздің басымыз қосылады. Мен концерттерге бармаймын, шақыртуларға бармаймын. Отбасылық дәстүрді бұзбауымыз керек. Ұлыма соны үйретіп жүрмін. Ол да менің істегенімді түсінсе екен деймін”, – деді әнші. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары