Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин желіде ұйықтап жатқан сәтінен фото жариялап, ел арасында қызу талқы тудырды. Қалың көпшіліктің пікірі екіге бөлінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Нұрболат Абдуллин Instagram парақшасында ұйықтап жатқан кезіндегі суретімен бөлісіп, оқырмандарының сансыз пікіріне ие болды. Бірі әншінің әрекетін аяусыз сынап тастаса, тағы бірі оны барынша жақтап алуға тырысқан.
«Елді жаудан қорғап келгендей жатыр ғой. Ән айтып шаршап жүр ма сонда», «Ыңғайсыздау сурет екен», «Олай тырнақ астынан кір іздемейік. Қазақтың маңдайына біткен ұлдың бірі ғой. Бақытты бол бауырым, ғұмырлы бол», «Осыларға таң қалам .Бір түрлі мақтаншақ сияқты», «Жақсы жігітсің, ерсі қылық жасама», «Не жатыс мынау еркек басымен», «Сүндет тойдағы фото ма», «Айналайындар-ау нелерің бар жатысында? Жатсын. Демалсын», «Ол да адам ғой. Шаршайды», - деп жазуда көпшілік.