$ 522.49  547.88  5.06

«Елбасы бетімнен сүйді, бақытты адаммын» - Маржан Арапбаева

Елімізді бүкіл әлемге танытқан, халыққа жағдай жасаған адам.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Маржан Арапбаева Елбасымен кездескен кезі туралы айтып, оған деген асқан құрметі мен сыйластығын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Арапбаева Қазақстанда берген концерттерінің бірінде Нұрсұлтан Назарбаевтың алғысына ие болған. Еліміздің тұңғыш президенті әншінің өнеріне жоғары бағасын беріп, өз рахметін айтқан. Бұл сәт өнер иесінің мәңгі жадында сақталып қалған. Ол тіпті сол күні Елбасымен бірге түскен фотоны әлі күнге дейін сактап жүр. Маржан Арапбаева бұрынғы президентті көрген кездегі әсерімен Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында бөлісті.

"Павлодар қаласында үлкен форум болды. Соңында финалный әнді орындаймыз ғой. Сол кезде Елбасы сахнаға көтерілгенде басқаның емес, менің микрофонымды алып, қолымнан ұстап бетімнен сүйіп, «Рақмет» дейді. Сонда менің жүрегім дүрсілдеп кеткенін көрсеңіз... Әлі күнге дейін Whatsapp-та аватарда екеуміз бірге тұрған сурет тұр. Маған келіп арнайы алғыс білдірмесе де, дәл менің микрофонымды алып «рақмет» деуі үлкен мәртебе болды. Ол кісі – патша. Патшаның бір ымдағанын көріп, алғысын есту барлығына бұйыра бермейді. Сол себепті мен өте бақытты адаммын" , - деп естелігімен бөлісті әнші. Т

Маржан Арапбаева Назарбаевқа тілегін де білдірді. "Мен ол кісіге саулық тілеймін. Елімізді бүкіл әлемге танытқан, халыққа жағдай жасаған адам. Нұр-сұлтан қаласының өзі аз-ақ жылда гүлденді. Әлем танитындай мемлекетпіз" , - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары