Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева жанкүйерлерімен байланысқа шығып, өзінің әлеуметтік желіде көрінбей кетуінің себебін түсіндірді. Өнер иесі бүгінде қатты ғашық болып, бақыттан басы айналып жүргенін ашық айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Меруерт Түсіпбаева Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, өз жан сырын ақтарды.
Әнші қазіргі таңда басынан үлкен махаббат сезімі өтіп жатқанын жасырмады. Бақыттан басы айналған әртіс бұл қуанышымен бірден қалың көпшілікпен бөлісуді жөн көрген. Өнер иесінің айтуынша, бұл махаббат хикаясы оның өмірін 180 градусқа өзгерткен.
"Сіздермен көптен бері хабарласпадым. Оның өз себептері бар. Біраз уақыттан бері, жоғалтқанымды тапқандай сезімдемін. Бақыттан басым айналуда, Фариза ақын дөп басып айтқан- ау. 50- ге келген шағымда қайта ғашық боламын деп ойламаппын. Дәл казір, өзімді 25 жастағы қыздай сезінудемін. Жүрек қартаймайды екен. Менің өмірімді 180 градусқа бұрып, өзгерткен махаббат хиқаясы қалай аяқталады, оны бір құдай ғана біледі. Мен білмеймін, бағым ба бұл, сорым ба?! Қалай болғанда да- ол адамның амандығын тіледім", - деп жазды Түсіпбаева.