$ 494.87  520.65  4.91

«Өздерің ұлды болғанда көреміз»: Желідегілер сынның астында қалған Шәріп Серікке қолдау білдірді

Қалың көпшілік Say Mo-ның әніне сүйене отырып, киножұлдызды аяусыз сынап тастағандарға шүйлігіп шықты.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Желі қолданушылары танымал отандық актер Шәріп Серікті аяусыз сынға алғандарға қарсы шығып, өнер иесіне қолдау білдірді. Киножұлдыздың бұрынғы жары Say Mo жақында " Мамасының баласы" атты ән шығаратынын хабарлаған күннен бастап, әртістің парақшасында жағымсыз пікірлер қаптап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шәріп Серік өзіне жаудырылған сынға байланысты Instagram парақшасында аса мағыналы видео жариялады. Өнер иесі Көлсайда жүрген сәтімен бөлісіп, өзге біреуді талқылайтындар туралы ойын жеткізді.

"Ұсақ ақыл иелері - өзге адамдарды талқылайды, өсектейді. Орташа ақыл иелері - оқиғаларды талқылайды. Ұлы ақыл иелері - иедяларды талқылайды", - деп жазған актер. 

Шәріп Серіктің бұл жазбасынан кейін желі қолданушылары оның сөзіне қосылып, барынша өз қолдауын білдірді. Қалың көпшілік Say Mo-ның әніне сүйене отырып, киножұлдызды аяусыз сынап тастағандарға шүйлігіп шықты.

 "14 жасар қыздар ғой жазып жатқан", "Бауырым бәрін дұрыс істедің. Ешкімді тыңдама", "Байқасам, "мамасының баласы" деп көбіне қыздар жазып жатыр екен. Өздерің ұлды болғанда көреміз", "Қыздар көп, ана жалғыз", "Нағыз қазақтың ибалы инабатты, саналы салиқалы қызы кездесіп, бақытты болып анаңды қуанта бер! Бақытты болуға лайықты жансың", "Дұрыс айтасың. Ананы сатып кетуге болмайды. Ол кісі әркез әркім үшін бірінші орында тұру керек. Ол бізге өмір сыйлаған жан", "Анаңа құлақ асқаның дұрыс болған", - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#актер