Мәдениет & Шоубиз 15.07.2021 сағат 00:19

«Денсаулығым сигнал беріп жүр» - Жазира Байырбекова

Әрине бәрі өзіміз үшін,отбасымыз үшін ғой. Бірақ, жан-дүнием демалып ал деп сигнал беріп жүр...
«Денсаулығым сигнал беріп жүр» - Жазира Байырбекова
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Елінің сүйікті әншісі, қыз ұзатуда нөмірі бірінші сұранысқа ие Жазира Байырбекова денсаулығы жайлы айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әнші инстаграм парақшасында әйелдің бойынан табылатын қасиеттер туралы ойын жазды:

"Қыз-келіншектер,аналар!
Баршаңызға мықты денсаулық, күш-қуат тілеймін!
Қанша ауырып тұрса да “Мен ауырып жатырмын,мазаламаңдар мені”, деп үйінде еркін жата алмайтын.

Таңға дейін ұйықтамай жұмыстан келсе де бала-шағасына,күйеуіне “мен жұмыстан келдім,қазір қайта жұмысқа барамын.ұйықтап,демалуым керек” деп айта алмайтын,

Ауырып тұрса да “осы сен-ақ ауыра бересің” деген сөзді естіп қалмайын деп білдіртпей жүретін
Қыз-келіншектер Қызылорданың келіндерінде ғана ма?
Әлде барлық қазақ келіншектері солай ма?

Әрине бәрі өзіміз үшін,отбасымыз үшін ғой. Бірақ, жан-дүнием демалып ал деп сигнал беріп жүр.

Өнерден, үй шарусынан бөлек, кішігірім жұмыстарымыз барын білесіздер.
Әр істе береке болу үшін бар күшіңді салмасаң тағы болмайды.
Келінім қай өңірде жүр екен???
Келініііім,қайда жүрсің? Көмегің керек?

ikazeke мамасының жағыдайын ойлайтын түрі жоқ.Өзің келе берш", деп жазды әнші.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар