Мәдениет & Шоубиз 15.07.2021 сағат 10:20

Мақпал Исабекова күйеуінің өзге ұлттан екенін растады

Заңды некелесу сәтінен сәтті кадрларды желіге жүктеген Мақпал мен той қонақтары күйеу жігіттің жүзін барынша жасыруға тырысқан.
Мақпал Исабекова күйеуінің өзге ұлттан екенін растады
Фото: ашық дерекөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жақында тұрмыс құрған Мақпал Исабековаға желідегі фолловерлер сан түрлі сұрақтар жаудыруда. Күйеуінің кім екенін білгісі келетін жұрт Исабекованың мазасын қашырғанға ұқсайды. Әнші көптің көкейіндегі сауалға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Заңды некелесу сәтінен сәтті кадрларды желіге жүктеген Мақпал мен той қонақтары күйеу жігіттің жүзін барынша жасыруға тырысқан. Тек әнші Луина құпия жігіттің есімі Радион екенін айтып қалды. Соған қарап жұрт, Мақпалдың таңдаған серісі өзге ұлт өкілінен деп топшылады және қателескен жоқ. 

«Менің ата-анам екі түрлі ұлт өкілінен, әкем – қазақ, анам – ұйғыр. Мен екі ұлттың қызымын және ол үшін еш ұялмаймын, керісінше, бұл факті мен үшін мақтаныш қана бола алады. Басқалардың ұлттық ерекшеліктеріне қарайтын адамдарды ешқашан түсінбегенмін, түсінбеймін де. 

Барлығымыз бір Жерде тұрамыз, бөлісетін ештеңе жоқ. Теріміздің астында қызыл қан, ал баршамыздың жүректеріміз бірдей сүйеді және ауырады. 

Мен тамырында көп түрлі ұлттың қаны араласқан адамды сүйіп қалдым. Оның көзінің қиығын емес, жанын сүйіп қалдым. Шынымды айтсам, өмірімде маған қараған ең әдемі көздер осы. Махаббатпен қарайды және мен үшін маңыздысы сол», – деп жазба қалдырды Мақпал Instagram-дағы парақшасында. 

Сондай-ақ Исабекова күйеуінің жүзін неге жасырып жүргенін түсіндірді. 

«Кейбір қызыққұмар адамдардың болжамы бойынша, «көз тиеді» деп немесе қызғанғандықтан күйеуімнің жүзін жасырып жүрген жоқпын. Қарапайым ғана себеп: ол қаламайды және қызмет бабы бойынша қажет емес", – деді ол. 

Айта кетейік, Мақпал Исабекова биылғы жылдың Рамазан айында тұрмысқа шықты. Екі жас шілде айының 7-сі күні заңды некеге тұрды. Мақпал жұбымен Шымкент қаласына жұмыспен барған кезде танысқан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар