Мәдениет & Шоубиз 19.07.2021 сағат 15:20

Күйеуін қызғанып билеген Мәдина Сәдуақасова елді тәнті етті (ВИДЕО)

Желі оқырмандары әншінің икемділігіне, ритмге сай билегеніне қайран қалуда.
Күйеуін қызғанып билеген Мәдина Сәдуақасова елді тәнті етті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жақында отбасымен Дубайда болып келген Мәдина Сәдуақасова демалыс кезіндегі қызықты кадрларды жариялаудан жалығар емес.

Әнші шетелде шығыс биін билеген видеосын желіге жүктеп, қызу талқыға түсті.

«Бүгін шығыс би билеген қыздан Олжасты қызғандым. Назарды өзіме аудару үшін ба, әлде көңіл-күй күшті болып билегім келді осылай??! Қалай?» – деп жазды ол.

Желі оқырмандары әншінің икемділігіне, ритмге сай билегеніне қайран қалуда. Көпшілік Мәдинаның арт жағында биші қыздың бар екенін байқамаған.

«Енді басқа келіншектер жігіттерін сізден қызғанып билеп кетпесе», «Күшті қимылдайды екенсіз, керемет», «Мына видеодан кейін Олжас сізді қызғану керек», «Бұндай да өнеріңіз бар екенін білмеппіз», «Шетел бишілері қазақ қызы Мәдинадан үйренсін», – деп пікір білдірді олар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар