$ 494.87  520.65  4.91

«Әкемнің үйленуіне қарсы емеспіз» - Медеу Арынбаевтың қызы

Қашанда әкесін ойлап тұратын қыз жүрегі оның бақытты болғанын қалайды. Даяна Арынбаева "әкем махаббатын тапсын" деген тілегін де жеткізді.
Фото: коллаж
Фото: коллаж

11 жыл бұрын өмірлік жарынан айырылған Медеу Арынбаев әлі күнге дейін мәңгілік махаббатты жырлап келеді. Туған-туыс қанша үгіттесе де, әнші екінші рет үйленуге асықпайды. Себебі бұған өте жауапкершілікпен қарайтынын айтады.

Бұл туралы Арынбаев Аман Тасығанның "Ең алғашқы" бағдарламасына сұхбат берді, деп жазады Stan.kz.

Бағдарлама барысында Арынбаевтың ұлы мен қызы сұхбат берді.
"Анам өте жақсы адам болды. Бізді өте жақсы көрген, біз де оны жақсы көрдік. Ана - өмірдегі басты адам", - деді Дәулет Арынбаев.
Қашанда әкесін ойлап тұратын қыз жүрегі оның бақытты болғанын қалайды. Даяна Арынбаева "әкем махаббатын тапсын" деген тілегін де жеткізді.

"Анам туралы өте жиі әңгіме айтамыз. Менің анам өте мейірімді және ақылды адам болған. Екі жоғары білімі болған, ағылшынша жақсы білген. Өзінің оркестрінде ойнаған.

Әкем әрқашанда бақытты болсын, жасына жас қосыла берсін. Біз Дәулет екеуміз ешқашан оған "үйлен" деп айтпаймыз. Бірақ біз қарсы емеспіз. Өзінің махаббатын тапса, ол үйленеді", - дейді Даяна Арынбаева.

Медеу Арынбаев балаларының сөзін естіп, көзіне жас алып қалды. Ол перзенттерінің тілегінен хабардар екенін, алайда үйленуге асықпайтынын жеткізді.

"Ақырғы 1-2 жылдың ішінде балаларым рұқсатын беріп жүр, қызым астарлап айтты. Сол кезде жүрек қалауымен, махаббат сезімімен болса, әрине мен өздеріңе бір ауыз айтамын дедім. Егер ондай болмаса, үйлену керек деп, болмаса осыларға аяулы ана керек деп, баптап ас әзірлейтін адам керек деп, оған өзім дайын емеспін.

Құдай қаласа, сәл қалды, осыларды аяққа тұрғызып, жетеріне жеткізіп, ұясына, қиясына қондырып, жалғыз қалмаспын, өзіме өмірлік серік табармын. Ол махаббат болар ма екен, болмас па екен, ол екіталай",- дейді Арынбаев.

Әнші әйелінен айырылған соң, өзге ханымдарға көз салғанын жасырмайды. Алайда ұзақ ойлана келе, тәуекелге барудан бас тартыпты.

"10 жылдан бері бұл сұрақ талай болды. Алғашқы 3-5 жылдың көлемінде тамырын басып көрдік, махаббат болып көргенбіз, қайткенде де ол махаббат былай тұрсын, одан кейінгі реалдық өмір, талап бар, материалдық құндылық, оны бөлу бар. Менің талабымнан шыққан ханымдардың мен талабын орындамай қалуым мүмкін деген де күдіктер болды.

Тәуекелге сала алмадым. Мүмкін салу керек па еді? Масқара болатын шығармын?! Медеу Арынбаев осындай деп айтса айтсын. Атыма кір келтірмейінші деп пәк болып жүрген мен жоқ. Өзімнің болмысым осы. Аса тәуекелге кете бермеймін. Оған аса жауапты қараймын. Мәңгілік махаббатты жырлап жүріп, кездейсок тәуекелдерге баруға менің құқығым жоқ",- дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары