Асылхан Төлепов екінші рет әке атанды. Актердің екінші атұстары дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz.
Сүйінші хабарды алғаш болып Асылханның жеңгесі Мадина Төлепова жеткізді.
"Ал, екінші батырдың бауы берік болсын", - деп жазды ол стористе.
Асылханның жары Айсұлу да екінші рет ана атанғанын қуана хабарлады.
Айта кетейік, Асылхан Төлепов 2017 жылы Айсұлу есімді Қарағандының аруымен отау құрды. Екі жастың тұңғышы Алпамыс 2018 жылы дүние есігін ашты.