$ 494.87  520.65  4.91

Мейрамбек Бесбаевпен сөйлескен әжей енді Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр (видео)

Мейрамбек Бесбаевқа сәлем жолдап, ақырында онымен телефон арқылы тілдескен әжей енді Нұрболат Абдуллинді іздеп жүр, деп жазады Stan.kz.

Қызылордалық әжейді Мейрамбек Бесбаевтың тыңдармандары жақсы таниды. Биылғы жылдың ақпан айында "Музарттық" серіге ақ тілегін арнап, сәлем жолдаған әжейдің видеосы желіде тарап кеткен еді. Көпті сүйсінткен жазбаны Бесбаевтың өзі де көрді. 

Әнші ақырында әжейдің байланыс нөмірін тауып, бейне-қоңырау арқылы тілдесті. 

Қазақ өнерін бағалайтын әжей Бесбаевтан бөлек, Нұрболат Абдуллиннің тыңдарманы болып шықты. Қызылордалық қарияның Нұрболатқа арналған видеосы Instagram-да жарияланды.

Бейнежазбаны әжейдің балаларының бірі түсірген. 

"Нұрболат Абдуллин де өлеңді жақсы айтады. Өлең айтқанынан, әйтпесе қайдан танимын? Бойын-сойын білмеймін, өлеңін білемін. Өлеңі әдемі. Керек емес түгінің, маған өлеңі ұнайды", – дейді әжей видеода.

Әжейдің баласы: "Әже, вкусың жақсы. Бойы ұзын, әдемі жігіт екенін біліп тұрсың. Ұнатсаң айт, сөйлестіремін", – деп қалжыңдаған. 

Баланың соңғы сөзін естіген әжей "қане, әкел" деп қуанып кетті. 

Желі қолданушылары әжейді бірден таныды.

"Нұреке, апамды тауып, бір барып, батасын алып қайтпадың ба? Риза болып қалсын", "Мейрамбекпен сөйлескен әже емес пе?", "Выкус ұрып тұр", "Асыл әжем-ай. Өнерді бағалай алатын", "Телефон соғыңыз", "Звондап қуантып қойыңыз", – деп сұрады оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары