$ 498.34  519.72  4.85

Республикалық «Абай оқулары» байқауында шымкенттік студент топ жарды

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен дәстүрлі республикалық «Абай оқулары»  байқауында І орынды Оңтүстік Қазақстан облысының  2-курс студенті Сайдазимова Унсунай Муратқызы иемденді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Аталған байқау мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттырып, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау мақсатында   дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күніне арналған шараға облыстық байқауларда топ жарған жастар қатысты. Ұлы Абайдың шығармаларын жатқа айтып қана қоймай, мәнерлеп оқып берді.

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Н.Шарафиев Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс студенті У.Сайдазимованың жеңісімен құттықтап, жоғарғы оқу орнының ректоры О.Аяшевқа құттықтау хат жолдады.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік нышаны» республикалық конкурсында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің маманы Пернехан Досан бірінші орынды жеңіп алған болатын.

Мемлекеттік тіл байқауына еліміздің облыстары мен Астана және Алматы қалаларындағы  халыққа қызмет көрсету орталығы филиалдарының өкілдері қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары