Мәдениет & Шоубиз 12.08.2021 сағат 17:00

Ернар Айдар 60-қа толған әкесіне Lexus LX570 көлігін мінгізді (видео)

«Қуанышты бөліссең көбейеді дейді ғой, баршаңызға жұғысты болсын!» – деп жазба қалдырды Ернар
Ернар Айдар 60-қа толған әкесіне Lexus LX570 көлігін мінгізді (видео)
Фото: коллаж
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Ернар Айдардың шаңырағында қуаныш! Өнер иесінің асқар тау әкесі 60 жасқа толды. Мерейлі жасына орай, Ернар әкесіне үлкен сый жасап қуантты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Осы жылы 20-сәуір асқар тау әкеміз 60 жасқа толды, карантин ашылса ағайын-туысты шақырып үлкен той жасаймыз деген ниет болған.
Карантин ашылмай той жасауға қатаң тыйым салғандықтан, тойды кейінге қалдырдық.

Алла қаласа індет жойылып, карантинді толық ашқан кезде тойымызды жасай жатармыз.

Ал әкемізге деген тосын сыйымызды күттірмей сыйлай беруді жөн көрдік.

Қуанышты бөліссең көбейеді дейді ғой, баршаңызға жұғысты болсын!» – деп жазба қалдырды Ернар Instagram-дағы парақшасында.

Ернар көлікті салоннан алып, әкесіне тарту ету үшін Тараз қаласына жеткізді. Кейін әкесіне табыстады.

Жас балаша қуанған Ернардың әкесі қуаныштан көзіне жас алып қалды.
Желі қолданушылары Ернардың бұл әрекетіне риза болды.

«Аман болсын әкелеріміз аналарамыз. Жарайсың, Ернар бауырым», «Қуаныштың көз жасы ғой! Қуанышты күндері көп болсын! Главное денсаулығы мықты болсын, ауырмасын, қалғаны бәрі жәймен келе береді. Қазақта айтады ғой ұрпағыңмен мың жаса деп, мың жасасын! Өзіңізге толағай табыс тілеймін!», «Игілікке мінгізссін», – деп жылы лебізін білдірді олар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар