Мәдениет & Шоубиз 24.08.2021 сағат 04:57

Қазақстандық топ «Новая волна – 2021» байқауында үздіктер қатарына кірді

Байқаудың бірінші күні қазақстандықтар Мэрайя Кэридің Without you әнін орындап, қазылар алқасы мүшелерінен 86 балл алды.
Қазақстандық топ «Новая волна – 2021» байқауында үздіктер қатарына кірді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Mezzo тобы «Новая волна – 2021» халықаралық вокалдық байқауында екі күннің қорытындысы бойынша үшінші орында тұр, деп хабарлайды Елорда Инфо. 

Байқаудың бірінші күні қазақстандықтар Мэрайя Кэридің Without you әнін орындап, қазылар алқасы мүшелерінен 86 балл алды және Армениядан келген қатысушыдан кейінгі екінші орынды иеленді.

Екінші күні олар Батырхан Шүкеновтың «Дождь» композициясын шырқап, 170 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Енді финалистерді үшінші байқау кезеңі – финал күтіп тұр. Оның қорытындысы бойынша «Новая волна – 2021» жеңімпазы анықталады.

Биыл «Новая волна – 2021» финалында әлемнің 9 елінен 11 қатысушы бас жүлдеге таласады. Байқауға қатысушыларды Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Артик-Асти, Леонид Агутин, Дима Билан және Димаш Құдайберген секілді қазылар алқасы бағалайды.

Mezzo – классикалық және танымал музыка элементтерінің синтезі саналатын классикалық кроссовер бағытында жұмыс істейтін Қазақстандағы алғашқы вокалдық топ. Олар 2012 жылы құрылған. Топта Жасұлан Сыдықов, Жәнібек Сейдахметов, Асан Нұрбергенов және Мейірхан Жантұрғанов ән айтады. Ұжым 2012 жылы X Factor Kazakhstan конкурсында 2-іші орын алып, танымал болған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар