$ 444.22  476.38  4.82

Роза Рымбаева желіде сын айтатындар туралы: Аузыңды ашсаң, бәлеге қаласың

Айтуынша, шындықты айтқанды ұнатпайтындар қазір ғана емес, бұрын да ешкімге жаға қоймаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақ эстрадасының жұлдызы Роза Рымбаева өзіне қатысты айтылған түрлі сыни пікірлерге қатысты өз ойын айтты. Әншінің пікірінше, шындықты айтқан адамның ешкімге жақпауы - заңды құбылыс. Өнер иесі "Алматы" телеарнасының Paparazzi бағдарламасына берген сұқбатында осы турасында баяндады.

Ол әріптесі әрі өнердегі сіңлісі Меруерт Түсіпбаеваның кез келген жайтқа қатысты ойын ашық айтатын батылдығын атап өтіп, мұндай жандардың қоғамда азайып кеткенін тілге тиек етті. Айтуынша, шындықты айтқанды ұнатпайтындар қазір ғана емес, бұрын да ешкімге жаға қоймаған. Сондықтан әнші мұндай нәрселерге қалыпты құбылыс ретінде қарайтынын атап өтті.

"Бізді қазір кім сынамайды?! Қазір мына Instagram дейді, YouTube дейді, әйтеуір, аузыңды ашсаң бәлеге қаласың. Шындықты айтам деп бәлеге қаласың. Енді, шындықты біреу айтпаса, солай өтірік мақтауға мәз болып, өзімізге өзіміз алданып, жүре береміз. Ол қазір ғана емес, кезінде патшаға шындықты айтқан кезде де жақпайтын, басына дейін кесіп алған. Шындықты айтқан адам ешқашан ешкімге жақпайды. Артынан келіп түсінеді. Е, осы кісі дұрыс айтқан екен ғой, деп. Мен туралы да сондай әңгімелер шығып жатады", - дейді Роза Рымбаева.

Айта кетсек, әншінің есімі есімі осы уақытқа дейін көптеген дау-дамайларда бірнеше мәрте аталған еді. Мәселен, бұдан екі айға жуық уақыт бұрын Роза Рымбаеваның Грэмми сыйлығын алған ақсулық Иманбек Зейкеновке қатысты айтқан ойы көпке жақпай қалған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары