$ 448.15  483.46  4.86

«Бұрын мені мазақтаған жігіттер қазір бөлмелеріне тығылып алып, менің суреттерімді көреді» - Айжан Байзақова

Блогер бетіне пластикалық отаның түр-түрін жасатқанын айтады.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Айжан Байзақова пластикалық ота жасатқанға дейін түрінің мүлде басқа болғанын айтты. Атышулы блогер бала күніндегі, жасөспірім шақтағы суреттерін көрсетіп, бұрынғы түрі үшін ұялған сәттерін еске алды.

“Менің ең бірінші жігітім “сенің бетіңе оқ атып кеткен бе?” деуші еді. Бетімде безеу мен тесіктер көп еді. Содан көп ұялатынмын. 

Блогер тағы бір суретін жариялап, сәтсіз макияжына сын айтты.

“Мынандай макияж көрдіңіздер ме? Қалай боянғанмын? Ұялып тұрмын”, – деп жазды.

Блогер бетіне пластикалық отаның түр-түрін жасатқанын айтады. Ол блефаропластика, отопластикаға жүгінген. Маңдайына, ерніне екпе салдырған. Омырауын отаның көмегімен үлкейткен.

“Мұның бәрі мені кезінде мазақтаған жігіттерге жасалған кекшілдіктен туды. Бұрын күлген жігіттер қазір бөлмелеріне тығылып алып менің суреттерімді көреді. Сенде төс жоқ" "мұрның үлкен" деген сөздерді жиі естідім. Мен осы үшін жұмыс істедім. Сіз өзгерген кезде адамдардың көзқарасы өзгереді. Ешкім сізді ұсқынсыз бет-бейнеңізбен жақсы көрмейді. Ішкі жандүниеңіз туралы айтпай-ақ қояйын. Енді мен өзіме сенімді болдым, мен туралы кім және не айтса да мені қызықтырмайды. Мен өзіме қанша еңбек пен ақша салғанымды білемін”, – деді Байзақова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары