Ғаділбек Жаңай алғашқы хит әндерінің бірін қосыла алмай кеткен сүйіктісіне арнағанын мойындады. Әннің шығу тарихы мен басынан өткен хикаяны әнші Қуаныш Шонбайдың YouTube арнасындағы "Кәсіптегі нәсібің" бағдарламасында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz.
"Сол қызбен араласып жүрген кезде маған бір әнді алып келеді, гректің әні. "Даусы сізге ұқсайды, тыңдап көріңізші, аға" деді. Расында ұқсайды екен. Өзіме жазып алып, тыңдап жүрдім. Ол кезде басқа елдің әнін айту деген жоқ етін. Бірнеше ай телефонымда жүрді", – дейді Ғаділбек.
Сол шақта Ғаділбек өзі ұнатып жүрген қызын алып қашқанын естіген. Мұңға батқан шағымда жүректен шыққан ән жүрекке жетті, дейді әншінің өзі.
"Сол қызымды алып қашып кетті. Ұйқымнан тұрсам, сондай хабар келді. Қаншама адам хабарласқан. Звондасам "мені алып қашып барады" деп жазып жіберіпті. Оның бір себептері бар. Түсініспей қалған кездер болды. Болашақты көрсете алмаған шығармын деп ойлаймын.
Ондай кезде оны ойламайсың ғой бірақ. Жақсы көріп тұрсың, жүрек билеп тұрды. Сол кезде осы ән шықты. Жүректен шыққан ән жүрекке жетеді", – деген Ғаділбек әннің шығу хикаясын да жасырмай баяндап берді.
Айтуынша, сөзін жазған Ринат Зайытовпен бірге алыс сапарға жолға шыққан. Сол кезде ақын ел арасында кеңінен тараған әннің сөзін небәрі 15 минутта жазыпты.
"Тыңдаттым. 15 минутта жазып, "көрші" деді. Сол кезде сұрағаны "Мына ән туралы не айтасың?" деді. Есте қалатындай болса дедім. Әннің атауын "Есте сақта" деп қойды.
Сол жерде домбырамен айттым, әнді айта бергің келеді ғой. Гректің емес, біздің әніміз сияқты", – дейді Ғаділбек.
Әнші ұялы телефондар кең қолданысқа енді ғана шыққан кезде әннің икпорт арқылы таралып, хит болғанын атап өтті.