$ 494.87  520.65  4.91

«Оған әзілдеп әйелім болшы дей салған едім»: Ерболат Төлеген алғаш рет әйелімен қалай танысқаны жайлы айтты

Олар тойда кездейсоқ танысып, қыз-жігіт болып кездесе бастаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Көпшілікке “Шмән апа” образымен таныс Ерболат Төлеген алғаш рет жарымен қалай танысқанын айтты. Отбасын құрғанына 12 жыл болған. Жар таңдауда қателеспеген актер әйелі мен анасының қарым-қатынасын сөз етті.


Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды.

Ерболат Төлеген жарымен 12 жыл бұрын танысқан. Олар тойда кездейсоқ танысып, қыз-жігіт болып кездесе бастаған. Актер енені сыйлай алатын, ер азаматын құрметтей алатын жар таңдағанын жасырмайды. 

“Осыдан 12 жыл бұрын Ақтөбеде тойда әйеліммен таныстым. Ол қыз жолдас болып келді. Жай ғана әзілдедім. “Менің әйелім боласың ба?” деп едім. Ол “жарайды” деп келісті. Мені әзілдеп отыр деп ойлаған екен. Солай әзілдесіп отырып отбасын құрдық. 12 жылдан асты. Жар таңдаудан қателескен жоқпын. Бастысы анамды сыйлайды. Анамның алдынан кесе көлденең жүрмейді. Екі күн көрмесе, сәлем салады. Анам менен гөрі оның сөзін көп сөйлейді. Келінін жақсы көреді. Содан-ақ әйелімнің қандай келін екені білуге болады. Орамал тағады.  Артық сұрақ қоймайды. Мен одан ештеңе де талап етпеймін. Бәрін өз еркімен біліп жасайды. 

Мен оған бір ғана нәрсе айттым. Ұл тудың. Сен анасың. Ертең ене боласың. Сондықтан енеңе жасағаның алдыңа келеді. Соны біл. Енеңе қалай қарасаң, саған да келінің солай қарайды дедім. Содан бастап артық қылығын көрген жоқпын”, – деді актер. 

Әзілкеш өзін әйелдің рөлін сомдап жүр дегендерге жауап берді. 

“Маған маймыл боласың ба?” дейді. Біздің ауылдың балаларының түсінігі солай ғой. Мен маймыл боламын дедім. Мен маймыл болсам да, әйел болсам да, жезөкшенің рөлін ойнасам да, мен бала-шағамды асырап жүрмін. Менің баламды басқа асырай ма? Кезінде неге Құдайберген ағамызға ешкім ештеңе демеді. Ол әйелдің рөлін ойнады деп ешкім сынай алған жоқ. Енді маған неге олай айтады? Ол образ. Мен сол арқылы көп нәрсе айтамын. Кемпірдің монологі арқылы проблемаларды айтамын. Түсінетін адам түсінеді. Оны Аманғали айтса, не Қанат айтса жараспайды. Мен әже болып тұрғандықтан жарасады. Мен бір ғана образбен әр түрлі монолог айтамын. Әрқайсысы әр нәрсе. Адамды күлдіру қиын. Трагедиямен жылату оңай. Ал күлдіру қиын”, – деді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары