Мәдениет & Шоубиз 28.08.2021 сағат 06:02

Әнші Мөлдір Әуелбекова орамалын сөз ете беретіндерге шүйлікті

Әнші ашық-шашық жүргеннен гөрі, жабық киінген жақсы екенін алға тартты.
Әнші Мөлдір Әуелбекова орамалын сөз ете беретіндерге шүйлікті
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал өкілі Мөлдір Әуелбекова орамалын әлі де сөз етіп жүргендер бар екеніне шүйлікті. Өнер иесі өзін жабық киінгені үшін сынға алғандарға жауап берді. 

Мөлдір Әуелбекова Instagram парақшасында орамал тақырыбына қайта тоқталды. Ол желіде өзінің киіну үлгісі әлі талқыланып жатқанына қынжылды. Әнші ашық-шашық жүргеннен гөрі, жабық киінген жақсы екенін алға тартты.  

"Әдемі пост салып әңгіме жазайын десем ойыма нақты бір тақырып келмейді. Қандай мәселені талқылағанымызды қалайсыздар? Әйтеуір білетінім орамалымды көп талқылайтындар тым басымырақ. Неге олай екенін білмеймін? Кейбір қыз-келіншектер сияқты тым ашық жүргеннен жабық жүрген жақсы емес пе? Әлде қалай", - деп жазды өнер иесі. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар