Мәдениет & Шоубиз 02.09.2021 сағат 11:00

Динара Қырықбаеваның «Дикий Арманмен» кездесіп жүргені рас па?: Әншінің өзі жауап берді

Халықтың сөзінше, соңғы кезде олар шетелде жиі кездесіп жүр.
Динара Қырықбаеваның «Дикий Арманмен» кездесіп жүргені рас па?: Әншінің өзі жауап берді
Фото: Instagram/kyrykbayeva
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандық танымал әнші Динара Қырықбаева оқырмандарына барынша ашылып, ел арасында өзінің жеке өміріне қатысты таралып жатқан қауесеттерге жауап берді. Соңғы кезде желіде көпшілік оны қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевпен қосып жүр. Өнер иесі "Дикий Арманмен" арасында не бар екені туралы бар лындықты айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Қырықбаева Instagram парақшасында жанкүйерлерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзіне қатысты көптеген қауесеттерге нүкте қойды. Шоу-бизнес өкіліне келіп түскен сауалдардың басым көпшілігі "Дикий Арман" жайлы болып шықты.

Желі қолданушыларын әнші мен қылмыс әлемінің серкесін не байланыстыратыны аса қатты қызықтыруда.

Халықтың сөзінше, соңғы кезде олар шетелде жиі кездесіп жүр.

Алайда, өнер иесі ел күдігін бірден жоққа шығарды. Ол Жұмагелдиевты ағасы ретінде қатты сыйлайтынын әрі оның бойында патриоттық қасиетін қатты бағалайтынын айтты.

 "Отыздан астам сұрақтың барлығы Арман жайлы. Кейін әңгіме болмасын деп осы жерде өзім жауап берейін. Арман менің ағам, досым және жәй ғана жақсы адам. Мен ылғи да осындай ағаларыммен мақтанамын. Арманның бір жақсы жағы: ол өз елінің патриоты" , - деп ағынан жарылды Қырықбаева. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар