$ 494.87  520.65  4.91

Әнші Тамара Асар 45 жасында екінші сәбиін дүниеге әкелді

"Қуанғаннан көзімнен жасым мөлт етті", - дейді ол.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қазақстандық әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Сүйінші жаңалықты әншінің өзі Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Оянып кетіп төбеге қарап ойланып, өздігімнен күбірлеп, түсімді жори бастадым. Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген, оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда... мен де... шын ба? - дедім де, қуанғаннан көзімнен жас мөлт етті…

Өмірге бүгін Ажар Жұмашқызы келді. Шүкір Аллаға", - деп жазды ол. 

Бұған дейін Тамара Асар тұрмыс құрған азаматы туралы айтқан болатын. 

"Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген,  болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей "мендей келіншек дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек" деген ойға тоқтадым", – деп жазды әнші.

Тамара Асар 1976 жылы Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған. 2014 жылы "Құрмет" орденінің иегері атанды. Әншінің Қамбар атты ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары