07.09.2021, 11:00

«Кір киімдерімді жуып, үтіктей алмағандықтан, жаңасын сатып алатынмын» - Айсәуле Бақытбек

Фото: ашық дереккөзі
"Ақылға қонымсыз сияқты, бірақ Айсәуле аспанда қалықтап жүргенді жақсы көретін", - дейді ол.

Айсәуле Бақытбек брендті киімдерге, қымбат әшекейге көзқарасы жайлы айтты. Ол өзі ақша тапқанға дейін тек брендті киім киіп, бағалы тастардан жасалған әшекей таққанын, ал ақшаның қадірін өзі еңбек етіп бастағаннан кейін түсінгенін жеткізді, деп жазады Stan.kz.

"Өз қажетіме өзім ақша тауып бастаған сәтте: "Мама, мен мұны кимеймін, сөмке мен аяқ киім тек қана брендтен, ал әшекей тек бағалы тастардан болуы керек" деп айтуды қойдым. Анаң мен әкең лимитсіз карта бергенде ақылды, сәнқой болған оңай екен ғой. 

Мен сендерді жақсы көремін. Ол кездегі әрекетім үшін ұяламын", - деп жазды Бақытбекқызы.

Иә, бүгінде Айсәуле өзгерген. Тұрмыс құрып, ересек адамға айналған бикеш бұрынғы әрекеттері ұяла еске алады. Баян Алагөзованың қызы шетелде жүргенде де талай қызыққа тап болған. Мәселен: 

"Шетелде тұрғанда өз киімдерімді жуа да, үтіктей де алмағандықтан, жаңа киімдер сатып алатын едім. Ақылға қонымсыз сияқты, бірақ Айсәуле аспанда қалықтап жүргенді жақсы көретін", - деп бөлісті ол.