$ 494.87  520.65  4.91

«Атын айтып, түсін түстемейін» - Алтынай Жорабаева билікке үндеу жасады

Мен биліктен емес, тек бір Алладан қорқамын...
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Танымал әнші Алтынай Жорабаева кешкілік уақытта мектепке дезинфекция жасауды қолға алған билікке үндеуін жеткізді. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

- Неге “дезинфекция” жайлы постты өшірдім? Мен биліктен емес, тек бір Алладан қорқамын. Әйел үшін, Алладан кейін ер азаматы тұрады (әрине, ол үшін ер азамыты әйел затын сыйлайтын, жүрегінде иманы болса) Кешегі постты салған соң, Алишер маған: “Неге осы әншілерден жалғыз өзің осындай посттар саласың?

Билік бәрібір өзінікін жасайды! Соңында “провокатор” болып қаласың! Түсінемін, жаның ауырып отыр . Бірақ билікпен нағыз мамандардың өзі күресіп жүрсе де, оларды елемей отыр. Өшір постты!” деген соң, ашуланып тұрсам да, ерімнің бұйрығын орындадым. Сол постым ватсап аралап, пабликтер жарыса салыпты. Тағы бір “білімді інішек” менің әр жазған сөзіме тоқталыпты. Сол жерде мені белгілеп жатқан соң оқып шықтым .

Түсінемін, дезинфекция екен! Балалар оқитын мекемені дезинфекциялап жүрген адам, неге өзі тұмшаланып алған? Яғни зиян! Ал балалар үшін ше? Жарайды, “проветрить” етіптіміс. Онда оның пайдасы қанша? Қараңғы емес, көгереңдеп күн батқан сәт екен! Қазір күннің өзі 20:30-дан ары қарай батады. Неге мектеп басталғанда жасалып отыр? Мектепке дейін 1-2 күн бұрын, Құдайдың күндізінде жасаса болмайды ма?

Естеріңізде болсын! Қазіргі үйде пайдаланып жүрген дезинфекция жасайтын заттардың өзі ағзаға зиян! Себебі, рак, аллергия ауруларын тудырады. Иммунитет түсіреді. Ал мыналар қандай затпен дезинфекциялауда? Өзі тұмшаланса, яғни өте зиян! Иммунитет түссе , вирус тез жұғады! Негізі қазір көптеген органикалық үй тазалайтын, дезинфекция жасайтын сұйықтықтар көп. Ол үй тазалайтын сұйықтықтармен тіпті, ауыз қуысын, ашық жараларды, тазалап отырмыз .

Тазалағыш болса, мектептерге, яғни болашағымызды дайындайтын мекемелерде неге органикалық сұйықтықтармен дезинфекция жасамайды? (атын айтып , түсін түстемейін. Жарнама жасап отыр деп түсінетіндер де жетіп асады. Міне, осындай “білімдісымақ, ақылсымақ адамдар” ортаға түсіп, соңында жабулы қазан жабулы болады! Мен ана ретінде жұмбаққа жауап іздеген едім! Ал мұндай, тіпті медицинаға қатысы жоқ өсекпен айналысқан еркексымақтар “әдемі жауап бердім” деп мәз екен - деп жазды әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары