$ 448.89  477.93  4.76

Imanbek GQ нұсқасы бойынша «Жыл жаңалығы» номинациясын жеңіп алды

Рэп орындаушы Feduk "Жыл музыканты", ресейлік театр және кино актері Иван Янковский - "Жыл актері", ал жазушы Дмитрий Глуховский - "Жыл авторы" атанды.
Instagram / imanbekmusic
Instagram / imanbekmusic

Қазақстандық диджей Иманбек GQ Russia журналы жыл сайын өткізетін премияда "Жыл жаңалығы" номинациясында жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл номинацияға Иманбекпен қатар Федор Федотов және Владимир Онохов, музыкант Soda Luv, режиссер Евгений Сангаджиев үміткер болған.

"Grammy сыйлығы, аудио-платформалардағы миллиардтаған тыңдалым, әлемдік музыкалық компаниялармен келісім-шарт. Рэпер SAINt JHN-нің Roses трегін өңдеп, танымал болған жас қазақстандық диджей және продюсер Иманбек Зейкенов үшін бұл бастамасы ғана екеніне сенеміз", - деп жазды басылымы.

Рэп орындаушы Feduk "Жыл музыканты", ресейлік театр және кино актері Иван Янковский - "Жыл актері", ал жазушы Дмитрий Глуховский - "Жыл авторы" атанды. Кәсіпкер және "Додо пицца" негізін қалаушы Федор Овчинников "Жыл кәсіпкері", актер және кинорежиссер Данила Козловский "Жыл режиссері" атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Imanbek