36 жастағы Ерке Есмахан өзінен тоғыз жас кіші сүйіктісі Aзамат Зенқаевқа қатысты жағымсыз пікір жазатын хейтерлерге жауап берді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Әнші өзінің жауабын Instagram-дағы парақшасында жазды.
Азамат Зенқаевтың фанаттары оның денсаулығына алаңдап жүр. Оны желіде жазған мына пікірден аңғаруға болады.
AZ аман ба? Ауырып жүрген жоқ па? Миын ашытпаған шығарсың?,
— деп жазды желі қолданушының бірі.
Бұл пікірге Ерке ашуланып қалған сияқты.
AZ-дің фанаттарына мен бір Азаматқа күн бермей, қинап, байлап ұстап отырған сияқты болып елестеймін-ау...,
— дейді Ерке Есмахан.