$ 494.87  520.65  4.91

«Некем сәтсіз сияқты»: КешYou-дің экс-әншісі ағынан жарылды

Берікова артқа қадам жасағысы келмейтінін кесіп айтты.

КешYou тобының экс-әншісі Элизат Берікова некесінің сәтсіз болғанын хабарлады. Ол күйеуімен ажырасудың алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
"Құдай маған бәрін берді. Бірақ некем сәтсіз сияқты", - деп жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында.

Элизат үшін уайымдаған оқырмандары оны сұрақтың астына алды. 
"Ажырастыңыз ба?" - деп сұрады көпшілік.

"Әзірге жоқ, бірақ жақында иә", - деп қысқа қайырды ол.

Берікова артқа қадам жасағысы келмейтінін кесіп айтты.

"Әзірге ішім бос. Басқа түк жоқ. Онымен бірге ма, жоқ па, бәрібір бақытты боламын. Бастысы, менің балаларым", - деп ақтарылды ол стористе.
Айта кетейік, Элизат Берікова 2018 жылы Жәнібек есімді азаматпен отбасын құрды. Екеуінің екі ұлы өсіп келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#КешYOU