01.10.2021, 16:00

Димаш Құдайберген Азияның ең сымбатты танымал жігіті атанды

Фото: ашық дерекөз
Kingchoice.me сайты бүгін осындай тақырыппен Азиядағы тартымды жұлдыздардың рейтингін жариялады.

Отандасымыз Димаш Құдайберген Азияның ең тартымды танымал жігіті атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Kingchoice.me сайты жазды. «Димаш Құдайберген – Азиадағы ең көрікті танымал 100 жігіттің ішінде №1». Kingchoice.me сайты бүгін осындай тақырыппен Азиядағы тартымды жұлдыздардың рейтингін жариялады.

Интернет қолданушылардың дауыс беруі бойынша түзілген рейтингіде қазақ әншісі 9,3 миллионнан астам дауыспен көш басында тұр. Одан кейінгі орындағы кореялық BTS тобының солисі Ким Сокджин 8,1 миллионан астам дауыс жинаған.

Айта кетейік, 29 қыркүйек күні қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әні Кубаның ұлттық телеарнасының «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасында қойылды. Биыл Димаш білім алған Ақтөбедегі музыкалық колледж 50 жылдығын атап өтті.