Үш қабатты үйін әнші өзі сатып алған бағадан 65 миллион теңгеге арзанға беріп отырған көрінеді.
Заттыбек Көпбосынұлы Шымкенттегі 12 бөлмелі зәулім коттеджін 185 миллион теңге сатылымға қойды. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
«Әркімнің өз таңдауы мен талғамы бар өмір болған соң. Көзқарас, ұмтылыс, пікірлер өзгеріп отыратыны тағы да бар. Менің үйім, менің шаңырағым талай жақсылықтарымның талай тарландармен таланттарға төрінен орын берген береке бірліктің куәсі. Алланың маған берген ризығымен адал еңбегімнің жемісі. Менің де Алла ризалығы үшін істеген бір ісім болсын деп шарбағымның бір шетін ауылдастарым мен Алла жолын танып білгісі келгендер үшін намазхана етіп бердім», - деп жазған Заттыбек парақшасында.
Әнші 2015 жылы аумағы 16 сотық жер телімі мен коттеджді 250 миллион теңгеге сатып алған.
«Үш қабаттан тұратын зәулім үйдің іргетасы екі кірпіштен қаланған, 550 шаршы метр, 12 бөлмеден тұрады. Үйдің бірінші қабатында үлкен қонақ күтетін зал бөлмесі, холл, қазақша бөлме, кабинет, қонақтарға арналған жатын бөлме, ас үй, кіре беріс және сан торап бар. Екінші қабатта төрт жатын бөлме, үлкен холл және ванна. Жертөледе үлкен кинозал бөлмесі, ас үй, үйді жылытатын пеш орналасқан бөлмес бар. Үйдің іші өзінің дизайына қарай жиһаздалған. Жердің көлемі 16-сотық жерді құрайды, қоршалған. Үйдің ауласында жазғы ас үй, ошақхана, монша, автокөлік тұрағы бар. Сондай-ақ, бастырма, бақша, шырша мен гүлзарлар отырғызылған», - деп жазылған үйді сатумен айналысып жатқан риэлтордың ресми парақшасында.
Азаттық рухы