$ 494.87  520.65  4.91

«Татуласты»: Әйелімен түскен суретін жариялаған Бейбіт Қорған елді тәнті етті

Бұл жайт бірден желі қолданушыларының назарына ілігіп, қызу талқыға ұласты.
Фото: instagram/beibitkorgan
Фото: instagram/beibitkorgan

Қазақстандық танымал әнші Бейбіт Қорған отбасылық өмірін ретке келтіргенге ұқсайды. Жақында берген сұхбатында келіншегінің төркініне кетіп қалғанын айтқан өнер иесі бүгінде онымен қайта табысқан. Шоу-бизнес жұлдызы желіде жарымен бірге түскен фотосын жариялап, елді қуантты деп жазады NUR.KZ.

Бейбіт Қорғанның жеке өмірінде жақсы өзгерістер орын алып жатыр. Әнші өзара келіспеушілктерді шешіп, әйелімен татуласқан көрінеді.

Оған ерлі-зайыптылардың Instagram желісіндегі суреттері дәлел болмақ. Эстрада жұлдызы келіншегімен арақатынасы жайлы айтқан сұхбатынан кейін онымен түскен фотосын алғаш жариялап тұр.

Бұл жайт бірден желі қолданушыларының назарына ілігіп, қызу талқыға ұласты.

Оқырмандардың басым көпшілігі ерлі-зайыптылардың қайта табысқанына аса қатты қуанып, оларға деген жылы лебіздерін білдірді.

"Жарайсыңдар, енді ренжітпеңіздер бір-біріңізді бағалаңыздар. Бақыты болыңыздар! Әдемі жарасымды жұп. Алла тіл көзден сақтасын", "Бейбіт жарайсың! Керемет жігітсің! Мықты әншісің! Аллах қосқан жарыңмен тату~тәтті, бақытты отбасы болғайсың! Махаббаттарың мәңгі болсын! Балапандарың көп болсын! Өмір болғасын қиындық, сынақ болады, енді тек қуанышты күндерің көп болсын ", "Қандай керемет жаңалық. Дұрыс отбасы бірге болу керек", "Екеуіңіз де жарайсыздар. Балалар ата-анамен бірге толық отбасыда өмір сүру керек", - деп жазуда көпшілік. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары