$ 494.87  520.65  4.91

«Не отырыс!»: Ерке Есмаханның жаңа фотосы ел ашуын тудырды

Онда эстрада жұлдызының суретке отырып түскенін көруге болады.
Фото: instagram/erke_esmahan
Фото: instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде жаңа суретімен бөлісіп, елден оңбай сөз естіді. Оқырмандар өнер иесінің қылығын аса ерсі деп санаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан ел ашуын тудырған фотоны Instagram парақшасында жариялаған. Онда эстрада жұлдызының суретке отырып түскенін көруге болады.

Бұл жайт оқырмандарынан тыс қалып қоймай, бірден қызу талқыға ұласқан. Желі қолданушылары әншінің әрекетін ерсі санап, оны аяусыз сынап тастады. Қалың көпшілік әншінің жас жігітпен көңіл қосып, мүлдем өзгеріп бара жатқанын жазды.

"Апама жездем сай қосылыпты ғой", "Не боп кетті, еркекшора болып кетті ме? Ұзын көйлек киген Ерке бикеш болмай кетті ғой", "Жас баланың қасында жүрсең, әлі талай неше түрлі отырыстар болады", "Отырыс енді от", "Кәмшат сияқты купальник киіп, талтайып отырмасаң болды. Қалғаны керемет", – деп жазды желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары