$ 448.81  476.82  4.77

Сиви Махмуди омырауын үлкейту үшін ота жасатты (Фото)

Осыдан кейін өзіме деген сенімділігім артты...
Фото: kznews
Фото: kznews

Белгілі әнші Сиви Махмуди мамопластика жасатып, омырауын үлкейтіп алды. Әнші кеудесіне операция жасату арқылы тағы бір арманына қол жеткізгенін айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Сиви операцияны бір ай бұрын жасатқанын өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Өнер иесінің айтуынша, үш бала туған ананың омырауы қанша жерден әдемі болса да, тартымдылығынан айырылады. Операциядан кейін әншінің өзіне деген сенімділігі артқан.

Бір ай бұрын кеудеме мамопластика жасаттым. Осыдан кейін өзіме деген сенімділігім артты. Әйел ең алдымен өзін жақсы көру керек. Еш өкінбеймін, дейді Сиви Махмуди.

Омырауын үлкейту үшін пышаққа түскен әншілердің қатарында тек Сиви ғана емес. Сонымен қатар Луина, Лидо, Say Mo-да барын айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Сиви Махмуди