Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова алғаш рет қалың көпшілікке жолдасын көрсетті. Ол күйеуімен бірге отандық телехикаяда басты рөлдерді сомдаған.
Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар түскен "Күйеу бала" атты туынды жақын арада ұлттық арнадан көрсетіледі. Бадықова бұл қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол сериалдың үзіндісін жариялап, көпшілікке өз жолдасын таныстырды.
Актрисаның сөзінше, отағасы телехикаяда да өзінің күйеуінің рөлін сомдайды.
"Қазақ тілді киносүйер, сериалсүйер қауымға “Күйеу бала” атты су жаңа телехикая жол тартады. Сериалдың тағдыры сіздердің қолдарыңызда! Рекорд қылайық ал! Сериал сіздердің көңілдеріңізден шығады деген ойдамыз. Осы орайда құлақтарыңызға сыбырлап по секрету айта салайын: менің жолдасымды ойнайтын әдемі жігіт - өмірде де менің жолдасым. Көбіңізге жұмбақ еді осы. Ал шешілді жұмбақ. Ризасыздар ма? Риза болсаңыздар, сериалды қалдырмай көресіздер ғой. Құдай қаласа, ұлттық арнадан қараша айында көрсетіледі. Назарларыңызға рақмет!" - деп жазды Бадықова.