$ 449.58  486.94  4.86

«Дауысы жоқ»: Евгений Понасенков Димашты қатты сынап тастады (ВИДЕО)

"Бір жылға да жетпейді, бұл кәкір-шүкірді бірнеше айдан кейін ұмытасыздар", - дейді ол.

Ресейлік публицист әрі видеоблогер Евгений Понасенков Димаштың дәурені жақында аяқталатынын болжады. Өз сұқбатында мұнымен тоқтап қалмаған ол "дауысы, дауыс ырғағы жоқ фальцетист" деп, жерлесімізді тіпті арыға апарып тастады.

"Бір жылға да жетпейді, бұл кәкір-шүкірді бірнеше айдан кейін ұмытасыздар", - дейді ол.
Блогер Құдайбергеннің нағыз артист емес екеніне сенімді.

"Маған режитін шығарсыз, дұрыс түсінбеуіңіз де мүмкін, бірақ бұл солай. Нағыз артисттің өзіндік жолы, өмірбаяны болуы керек. Өзіндік жол, репертуар, тағдыр жоқ жерде, ал ол арада мұның бәрі жоқ, сондықтан қош бол дей беріңіз", - дейді ол.
Публицист Димаштың орындауындағы әндермен жақсы таныс екенін де айтты.

"Димаш туралы естідім, қалай естімейсіз? Жарнамасы жер жарады, ондайды естіп, одан кейін тез ұмытып кетесіз. Бес-он жылда бір рет Черкизовск базарының псевдоэстрадасында күмәнді продюссерлердің насихаттауымен фальцетист төбе көрсетеді", - деп санайды Понасенков.
Сондай-ақ ол Құдайбергенге музыкалық талант жетіспейтінін де айтады:

"Дауысы жоқ, тембрі жоқ фальцетист. Фальцетпен ерінбеген барлық адам ән айта алады. Фальцет - бастысы болған кезде қолданылатын жақсы тәсіл. Фальцетті басты астың гарнирі десе де болады. Егер осы басты ас болмаса, дауыс та, тембр де болмайды. Микрофон дәуірі ғой, біз алданудамыз", - дейді ол.
Қызды-қыздымен ресейлік блогер Димашпен салыстыратын болса, өзін әлдеқайда тәп-тәуірмін деп салды.

"Егер біз акт залына барып, микрофонсыз кез келген әнді бірге айтатын болсақ, міне сол кезде сіз дауыстың не екенін, түкке тұрғысыз нәрсенің не екенін салыстыра алатын боласыз, кешіріп қойыңыз. Сондықтан одан микрофонды алып қойыңыз, сол кезде түк те болмайды", - деп сендіреді Евгений.

zakon.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары