$ 449.3  489.69  4.89

«Күйеуіме өзім іздеп жүріп жас тоқал алып бердім, ол ұл туып берді» - Майра Ілиясова (ВИДЕО)

Әнші сіңлісінің құрбыларын сұрастырып жүріп, бірін жолдасымен таныстырған екен. Қазір екінші отбасы болып тұрып жатыр.

Майра Ілиясова өзін өнерге арнаған жан. Жастайынан әншілікке құмар болып, ән айтып өсті. Әлі күнге сахнада. Отбасынан өнерді биік қойған. Тіпті сол үшін жолдасына екінші әйел алып беріп, өзі бөлек кеткенін айтады.  

Бұл туралы “Менің өмірім” бағдарламасында айтылды. 

Майра Іліясова ерте жастан тұрмыс құрды. Жолдасы да өнер жолында. Ортақ бір қызы бар. Тоғжан есімді қызы бүгінде тұрмыс құрып, балалы-шағалы болды. Ал Майра Ілиясова күйеуінен бөлек бір отау болып тұрып жатыр. 

“Мен 1-курс оқып жүргенде жолдасыммен таныстым. Екеуміз ерте үйлендік. Ол қызыма, отбасыма қарады. Мен үнемі гастрольдік сапармен жүрдім. Бір айлап, қырық күндеп кететін едік. Сөйтіп жүргенде маған ешқашан тыйым салған емес. Үйде отыр, тамақ істе деген емес. Қызыма өзі қарады, үйге өзі қарады. Мен өнерге өзімді арнаған адаммын. Өнерді тастай алмадым. Үйде отыра алмадым. Солай жүргенде мен бұның дұрыс емес екенін білдім. Жолдасым балажан еді. Ұл баланы жақсы көретін. Оған екінші әйел ал дедім. Ұл бала туып берсін дедім. Мен бөлек отбасы болып отырамын дедім. Мен өзім рұқсат еттім”, – дейді әнші. 

Әнші сіңлісінің құрбыларын сұрастырып жүріп, бірін жолдасымен таныстырған екен. Қазір екінші отбасы болып тұрып жатыр. 

“Әпкемнің қызына айттым. 30-дан асқан құрбыларың болса айт дедім. Ол екі қызды айтты. Соның бірін таныстырды. Жолдасым мен тапқанымды білген жоқ. Мен де айтпадым. Майгүл есімді қызбен танысты. “Оның аты да саған ұқсайды, туған күні де бірдей, руы да бірдей екен” деп мені жұбатып жатыр. Кейін менің таныстырғанымды білгенде ренжіді. Бірақ қазір бірге. Ұлды болды. Ол 10 жастан асты. Барып тұрамыз. Олар бізге келеді. Майгүл маған келін секілді. Қызыма да бәрін түсіндіріп айттым. Ол психологиялық жарақат алған жоқ. Махаббат мәңгі емес. Не себепті өліп-өшіп үйленгендер кейін бәрін тастап ажыраса береді. Себебі махаббат жоғалады. Туыс адамға айналып кетесің. Басқа ешнәрсе қалмайды. Менде де сондай болды”, – дейді Ілиясова. 

Әншінің өзі екінші рет тұрмыс құрған жоқ. Сөз салған азаматтар кезіккенімен, ол өзін өнерге, немерелеріне арнады. 

“Менде немере бағатын, оларға қарайтын, шәкірт тәрбиелейтін, өнерде жүретін кезім келді. Мені өзімді соған арнадым. Махаббат болған жоқ. Тұрмыс құрғым келмеді. Жолдасым тоқал алғанда қызым 15 жаста болды. Біз 20 жыл бірге тұрдық. 7 жыл бұрын астанаға келдік. Ал жолдасым отбасымен Алматыда тұрады. Қандай жағдай болса да мен көмек қолын созам. Қуанышта біргеміз”, – деді ол. 

stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары