$ 445.66  474.58  4.78

Астанада «Қазақстан-Түркия достық әуендері» атты концерт өтеді

26 қазанда сағат 19:00-де Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі, Астана қаласындағы Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Астана координаторлығының бірлесе ұйымдастыруымен бауырлас ел Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Түркия күндері» шарасы аясында «Қазақстан –Түркия Достық әуендері» концерттік бағдарламасы өтеді.

Түркия – Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып таныған тату көрші, табысты әріптес. Барлық салада байланысы берік бауыр ел. Түркия елінің өнерпаздары мемлекет егемендігінің жиырма бес жылдық ұлы тойын ұмытпай, құттықтау тілектерін айтып, өр өнерін тарту етуге келмек.

Мерекелік кеште Түркия елінің танымал әншілері Чидем Гюрдал, Джем Гюрдал, Мустафа Эке және Түркі әлемі музыкалық ансамблі бізге бауырлас елдің бай мәдениетін, тұнық туындыларын тарту етеді. Шара барысында Түркия әншілерімен қатар Қазақстан әншілері де өнер көрсетеді. Олар Димаш Құдайбергенов, Гүлнұр Оразымбетова, Камшат Жолдыбаева, Шахаризат Сейдахмет, Ханзада тобы және танымал қобызшы Ақерке Тәжібаева.

Сондай-ақ кеш барысында Қазақстан мен Түркия елдерінің достық әнін тыңдауға келген әр құрметті қонаққа латорея таратылып, концертте ойнатылады. Яғни, Түркияға баратын тегін жолдаманы әрбір көрермен ұтып алуына болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары