Қазақстандық блогер Карина Өксікбаева күйеуі Арман Юсуповке өзге әйелмен бір түн өткізуге рұқсатын берді. Ол үшін келіншек 10 миллион доллар сұрап отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Әлеуметтік желіде пайда болған видеода ерлі-зайыпты блогерлер бір-біріне қызықты сұрақтар қойып жатыр. Арман Юсупов әйелі Каринаға "Бай әйел менімен бір түн өткізгісі келеді. Ол үшін 10 миллион доллар беруге әзір. Келісесің бе?" деген сұрағына "иә" деп жауап береді. Әйелінің тосын жауабы Арманды таңырқатты.
Ал желі қолданушылары жас жұбайлардың бұл әрекетін сынап жатса, енді бірі қалжыңға балаған.